Атырау, 28 қараша 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда нодулярлы дерматитке байланысты карантин бойынша штаб құрылды

1 961 просмотра

Қала әкімдігінің сайтына мынадай хабарлама шықты: «Облыс әкімдігінің 27 шілдедегі қаулысына сәйкес, Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласы Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына ірі қара мал арасында «Нодулярлы дерматит» (экзотикалық ауру) ауруының анықталуына байланысты карантин жарияланды.

Осыған байланысты, Атырау қаласы бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар ұйымдастыру үшін штаб жұмыс жасауда.

Ауру белгілері (жануардың терілерінде бөрткен ісіктер пайда болып, тамаққа тәбеті тартпай, малдың қызуы көтеріледі) анықталған жағдайда қалалық ветеринария бөліміне және қалалық ветеринария станциясына хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: 8 (7122) 32-07-90, 30-38-74, 8 702 457 19 96, 8 701 660 24 70».

3 тамыз 2016, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.