Атырау, 28 қараша 18:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аспап неге жыпылықтайды?

2 514 просмотра

Егер жылдамдық өлшеуіштің жанынан сағатына 40 шақырым жылдамдықпен өтіп бара жатқанда, кенеттен сізді жарқ етіп түсіріп алса, не істеу керек?

Ұлымды мектепке апарып жүргенде бүкіл оқу жылы бойына осы тәжірибені жүргіздім. Махамбет көшесінің бойындағы жылдамдық өлшеуіштер қандай жылдамдықпен қозғалсам да әр мәрте сайын жыпылықтап тұратын. Олардың дұрыс жұмыс жасамайтынын тәжірибе арқылы аңғардым, алайда менің тәжірибемді қайталауға кеңес бермеймін. Өлшеуіштер іске қосылған күннен бастап, меніңше, олардың бәрі қатар жұмыс істеген бірде-бір күн болған жоқ, оларды кезекпен-кезек жөндейді. ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ растағандай, бүгінде жылдамдықты тіркейтін 13 нысанның 11-і жұмыс жасап тұр екен:

– Екеуі жөндеуде тұр, жеті жерде 11 жылдамдық өлшеуіш жұмыс жасауда. Махамбет бойында ақау жоқ, егер сіз бірнеше шақырымда жылдамдықты арттырған болсаңыз, олар тек ескертеді, - деп түсіндірді Жұпқалиев.

– Ал жылдамдықты арттырғаны туралы өлшеуіштің тіркеп алғанын, айыппұл салынғанын қалай тексеруге болады?

– Келесі күні біздің әкімшілік полиция басқармасындағы 25-ші кабинетке хабарласып, бүкіл ақпаратты алуға болады. Қалай болғанда да, егер ереже бұзушылық тіркелсе, хаттама жасалып, ұйғарым шығарылады. Ол тапсырыс хатпен ереже бұзушының мекенжайына жіберіледі. Мекенжайдың өзгеруі жаңа мекенжай көрсетілген техникалық төлқұжатты ауыстыру үшін негіз болып табылатынын еске салғым келеді.

– Айыппұлдар бойынша ескіру мерзімі бар ма?

– Айыппұл ұйғарымына ескіру мерзімі белгіленбеген, сондықтан іздестіретін боламыз.

Сонымен қатар, ғаламтордан – ІІМ сайтынан (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_iu/speed), көлік құралының мемлекеттік нөмірі мен техникалық төлқұжаттың нөмірін енгізіп, жол жүру ережесі бойынша айыппұлдар жөніндегі өзекті мәліметтерді алуға болады.

Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындауға 40 күн беріледі. Содан кейін ұйғарым атқару өндірісіне жіберіледі. Сот орындаушыларындағы өндіріс бойынша мәліметтер http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd сайтында жарияланады. Бұл атқарушылық іс жүргізу тізілімі. Егер бұл қызметтің сенім лимитін асырсаңыз, онда тікелей http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/zapret дерекқорына жол тартыңыз. Бұл Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген кез-келген тәртіптегі: алименттен бастап, салық қызметіне дейінгі борышкерлердің тізімі.

Егер сізге ҚР шекарасынан өту керек болса, сізге бүкіл қарызыңызды төлеу қажет. Атқару өндірісі тек төлем жасалғаннан кейін ғана тоқтатылады. Бұл туралы ақпарат, түрлі дереккөздердің мәліметтері бойынша, бір тәулік ішінде жаңартылады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 тамыз 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.