Атырау, 28 қараша 17:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Нодулярлы дерматит адам үшін қауіпті емес»

2 959 просмотра

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысындағы эпизоотиялық ахуал туралы баспасөз хабарламасын таратты.

«Жергілікті бюджеттен нодулярлы дерматитпен күресуге 1 млн 930 мың теңге бөлінді. Симптоматикалық ем қолданылғаннан кейін жануарлардың сауығуы байқалады. Облыс бойынша 384 ірі мүйізді қара сауықты, 1 611-і емделуде.

Індет ошақтарына профилактикалық шаралар жүргізілуде, сырқат жануарлар жалпы малдан оқшауландырылды. Сонымен қатар, симптоматикалық ем, уытсыздандыру, дәрілеу жұмыстары жүргізілуде.

Алынған сынамалар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық мен «ҚазҒЗВИ» ЖШС-де зерттеледі, сонымен қатар олар РФ «ВНИИЗЖ» ФМБМ Халықаралық эпизоотиялық бюросының референттік зертханасына жіберілді.

Бұл экзотикалық сырқаттың бұрын Қазақстан аумағында тіркелмегенін атап өту керек. Осыған байланысты оны жануарлардың аса қауіпті сырқаттарының тізіміне енгізу туралы мәселе қарастырылуда. Бұл өлген мал иелеріне өтемақы төлеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын үстіміздегі жылдың мамырында Ресей Федерациясының аумағында нодулярлы дерматит тіркелді.

Адамның нодулярлы дерматит вирусын қабылдамайтынын атап кету керек.

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ күшімен дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Эпизоотиялық ахуал Атырау облысындағы ветеринарлық қызметтердің үнемі бақылауында болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 тамыз 2016, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.