Атырау, 9 ақпан 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Сот ойынханасы бар сайтқа тыйым салды

2 439 рет қаралды

Атырау қалалық соты Атырау қаласы прокурорының интернет-ойынхананы заңсыз деп тану туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында қазақстандық пайдаланушылар еркін кіре алатын 30 сайттың жұмыс істейтіндігі анықталды. Бұл сайттарда рулетка, блэкджек, покер ойындарын онлайн-режимде ойнау мүмкіндігі бар ойынхана орналастырылған.

Атырау қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласы прокурорының өтініші қанағаттандырылып, интернет-ресурс заңсыз деп танылып, оның ҚР аумағында қызмет етуіне тыйым салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 тамыз 2016, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.