Атырау, 9 ақпан 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

«Сарайшық» базары үш айдан соң жұмысын жалғастырады

3 452 рет қаралды

Атырау коммуналдық «Сарайшық» базары жұмыстарын 1 қарашадан кейін жалғастырады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВ хабарлады.

- 15 маусымда базарда орын алған өрт себебін тергеу әлі аяқталған жоқ. Есептен шығаруға тиесілі жабдықтар тізімі жасалуда (кейбір мәліметтер бойынша, өрт салдарынан базардың азық-түлік бөлімінің 18 тоңазытқышы мен бүкіл электр сымдары істен шыққан – М.С.). Қалалық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама жасауға қаржы бөлінді, - дейді Р.Ибраев. – Бізге бүкіл заңмен белгіленген тендерлік процедураларды сақтау үшін үш ай керек. Коммуналдық базар жұмысын жалғастыру мәселесі қала әкімінің тұрақты бақылауына алынған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
1 тамыз 2016, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.