Афанасьев көшесінде өзгеше жол кедергісі пайда болды. Бір-бірінен бірнеше метр қашықтықта асфальт бетіне орташа диаметрдегі темір тұрбалар қағылған. Мұның қолдан жасалған кедергі екенін еш қиындықсыз түсінуге болады.
Біз сол жерге барып, мұны кім жасағанын анықтадық. Ол адам жақын маңда тұрады екен. Оның өзімен тілдесудің сәт түспеді, туыстары оның түнгі ауысымнан кейін демалатынын, оны оятпаған жөн екенін, дәлірек айтқанда, оятқаннан пайда жоқ екенін айтты. Ал әңгімешіл көршілері бұл кедергіні ер адамның жақында ғана балалары көлік астына түсіп қала жаздағаннан кейін орнатқанын жеткізді. Алайда бұл жерде ешқашан қызу көлік қозғалысы болған емес, ал қиылысқа жақын жерде «Жол бер» деген белгі тұр. Яғни, көше екінші кезектегі көше болып табылады. Оған едәуір айыппұл салынуы ықтимал екенін ескерттік, бірақ ол тек қолын бір сілтеді деседі.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор