Сүйір ұшын көкке тіреген ескі найзағай тартқыш бірнеше жылдан бері Фетисов көшесінің тұрғындарын үрейлендіріп келеді.Ол бірнеше ондаған жылдар бойына қалаға адал қызмет етті, бірақ ерте ме, кеш пе, қай нәрсе де ескіреді ғой. Найзағай тартқыш қауіпті күйде жантайып қалған, оның табанынан ұшар басына дейін жарықшақ түсіп, арматура істіктерін жалаңаштап тастаған.
Жергілікті Пиза мұнарасына бұл жерде ешкім риза емес. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кеткен бағана құлап қалса, онда құрбандықтардың болатындығы сөзсіз екендігіне тұрғындар сенімді. Тонналаған бетон мен темір жақын маңдағы ғимараттарды, үйлер мен көліктерді басып қалады. Сол маңдағы үйдің тұрғындары әлденеше рет құзырлы органдарға хат жолдағанын, алайда еш реакция болмағанын айтады. Тек бір ай бұрын бұл жерге ТЖ қызметкерлері келіп, өлшеу жүргізіп, жағдайды у-шумен талқылап, кетіп қалған.
Біз облыстық ТЖ департаментіне жүгіндік, ол жерден бізді қалалық басқармаға жолдады. Мұндағылар қала тұрғындарынан бұл тақырыпта ешқандай өтініш түспегенін, алайда жақын арада мамандар тобы сол жерге жіберіліп, проблемамен мұқият танысатындығын хабарлады.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор