Атырау, 18 желтоқсан 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Газ тасымалдау тарифі 39 пайызға көтеріледі

2 303 рет қаралды

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті 2016-2020 жылдарға арналған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының (ҚТГА АҚ АӨФ) газ құбырымен таратылатын газ тасымалының шекті тарифін бекітті.

Бұл туралы хабарлама ҚТГА сайтында жарияланды. Жаңа тариф 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚТГА АӨФ үшін газ тасымалдаудың қолданыстағы тарифі бір мың текше метр үшін (ҚҚС-сыз) 1 269,32 теңгені құрайды. Тарифті бекіту туралы өтінімде монополист 2016-2020 жылдарға арналған шекті деңгейді бір мың текше метр үшін 5 701,42 теңге мөлшерінде бекітуді өтінген. Яғни, қазіргіден 4,5 есеге көп. Алайда монополияға қарсы департамент тарифті 1 769,42 теңге деңгейінде бекітті, яғни, 39%-ға көтерді.

Естеріңізге салсақ, ҚТГА АӨФ директоры Мақсот ӘБУОВТЫҢ айтуынша, тұрғындар үшін газдың босату бағасында тасымалдау тарифінің үлесі 21 пайызды құрайды (тұрғындар үшін тауарлық газды босату бағасы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бір мың текше метр үшін 6 021,42 теңгені құрайды).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 шілде 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.