Қазақстандық компаниялар ТШО-ның Келешек Кеңею Жобасында 12 миллиардтан астам долларды игереді.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Жылыой ауданына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
Теңізшевройлдың Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемін арттыру үшін жобаны кеңейтуді жоспарлап отырғаны белгілі.
– Осы мақсатта 37 миллиард доллар шетелдік инвестициялар тартылады, олардың 12-15 млрд теңгесін қазақстандық компанияларға игеруге беру жоспарланып отыр. Бұл біздің ел басшылығының талабы, - деді Ноғаев. – Осы сомаға олар ТШО-ға өз жұмыстары мен қызметтерін ұсынатын болады. Сонымен қатар, осы жобаны жүзеге асыру кезінде 20 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА