Баршаңызға сәлем!
Біріншіден, мені және менің туыстарымды қолдап, біз үшін уайымдаған жандарға үлкен адамгершілік алғысымды білдіргім келеді!
Газеттерден («Ақ Жайық», «Трибуна», «Дат») Талғат екеумізді қолдау акциясы туралы оқып білдім. Ерланнан, Әлібектен, Ақансеріден және басқа жігіттерден сәлемдеме алып тұрамын. Рахмет!
Екіншіден, бізге қарсы қойылып отырған айыптауларға қатысты менің ұстанымым өзгермегендігін растағым келеді. Оларды заңсыз және ешқандай сын көтермейтін айыптаулар деп бағалаймын. Қоғамдық жұмыстар атқарған жылдар бойына заң шеңберінде әрекет еттім. Халықтың жер мәселесі бойынша наразылығын «сыра бүлікшісі» мен діни фанаттар секілділермен байланыстыру әрекеттерін сандырақ деп атай аламын.
Өзім туралы айтар болсам, аман-саумын, бірақ өзімді еркін сезінбеймін. Бір қызығы, тергеу изоляторында тыныштану сезімі пайда болды. Мұны менің өмірімдегі белгілі бір циклдың аяқталғандығымен байланыстырдым. ҚР-дағы қазіргі жағдайда (саяси жүйеде) қолымнан келетіннің бәрін жасадым. Талғат екеуміз секілді адамдарға тіпті мемлекеттік жүйенің «төменгі лигасы» - қалалық мәслихатқа ілігуге әрекеттенуге де тыйым салынғанын ескерсек, Қазақстанның азаматтық белсенділеріне тек түрмелер мен зоналардан ғана орын табылатын секілді.
Дегенмен де, «реформашылық желік» толықтай біткен жоқ. Тергеу изоляторы орналасқан жердің экостандарттарға сәйкестігі туралы мәселені анықтай бастадым (тергеу изоляторы АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағына кіреді деген негіз бар). Осыған қатысты прокурорға хат жолдадым. Оған қоса, облыстық сотқа №2 Атырау қалалық сотының күдіктілерін ұстауға арналған орынжайлардың санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес келмейтіндігіне қатысты жаздым. Сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ережесіне күдіктілер мен айыпталушыларға іс құжаттарымен танысу кезінде компьютер қолдануға (арыз-өтініш жазу үшін және т.б.) мүмкіндік беретін өзгерістерге қол жеткізуге тырысамын.
Дегенмен, түрменің аты түрме, Бродский айтқандай: «Бос уақытың мол болғанымен бос кеңістік жетіспейді». Менің де, Талғаттың да еңсеміз түскен жоқ, ісіміздің дұрыс екенін білеміз.
Егер келешек туралы айтар болсақ, өзімді қиялмен алдамаймын, айыптауларды құрастырып шығарады, Жаңаөзен соттарындағыдай болады деп жорамалдаймын. Көрерміз, бәлкім, Саша Боженконың ерлігін қайталайтындар табылып қалар. Аман болсақ, көрерміз.
Егер қысқаша айтсам, әзірге осы.
Барлығыңызға қолдағандарыңыз үшін тағы да алғыс білдіремін!
Құрметпен, Макс
Дереккөз: facebook.com