Атырау, 28 қараша 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құрманғазы мен Исатай аудандарында мал арасында белгісіз ауру шығып жатыр

3 672 просмотра

Image 0Көрнекі сурет Мал дәрігерлері бір айдан бері Құрманғазы мен Исатай аудандарында сиырлардың қандау ауру жұқтырғанын анықтай алмай отыр.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Ауру белгілері: әуелі сиырлардың қызуы көтеріліп, денесінде ісіктер пайда болып, аузы-мұрынына су ағады екен.

-Бұрын-соңды мұндай ауру ірі қара малдың арасында кездеспеген. Біз оның қайдан келгенін және оның зияндылығын, жұқпалы ма білмей отырмыз. Бар қолымыздан келетіні ауру сиырды оқшаулап ұстау, - дейді жергілікті тұрғындар.

Әзірге белгілісі, сиырлардың осы белгілері бар ауруды жұқтыру фактілерінің Ресейдің Астрахан, Волгоград облыстары мен Калмыкия, Шешенстан мен Дағыстанда тіркелгендігі.

Аудандық ветеринария бөлімінің мәліметі бойынша, бұл белгісіз ауруға аудан бойынша 1100 ірі қара ұшырап, оның 41-і арам өлген. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Әлімбай ӘБДІРАХМАННЫҢ айтуынша, жуырда ауданға келген республикалық ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті төрағасының орынбасары Т. ҚАБДОЛДАНОВ, Қазақтың ғылыми-ветеринариялық зерттеу институтының директоры, профессор А. СҰЛТАНОВ, ғылым докторы Л. КҮТІМБЕТОВ малдан сынама алып кеткен. Енді жергілікті мал дәрігерлері лаборториялық зерттеу қорытындысын күтіп отыр.

-Біз қарап жатқан жоқпыз, тұрғындармен сөйлесіп, ауру малды көлеңкеде ұстап, басқа малдан бөлектеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Сондай-ақ ауру малды егу жұмыстары жүруде. Орал қаласынан 12 000 бицилин дозасын, 600 нетокс дозасын, 92 литр дезинфекциялау құралдары әкелінді, - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ.

ИСАТАЙ АУДАНЫ

Анықталмаған дертке 127 ірі қара ұшыраса, оның 52-сі сауыққан. Мал өлімі фактісі тіркелмеген. Дәрі-дәрмек, басқа да эпидемияға қарсы шаралар жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 400 мың теңге бөлінген.

-Біз ауру малдарды бақылауда ұстап отырмыз. Тұрғындарға өрісте жүрген малдардан ауру белгілері байқалса дереу хабарлау қажеттігін ескертіп жатырмыз. Егер ауырған малды дер кезінде көлеңкеде оқшаулап ұстап, сауықтыру жұмыстарын жүргізсе бұл індеттің алдын алуға болады, - дейді «Исатай аудандық ветеринариялық станасасы» КМК директоры АманжолРАХМЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 шілде 2016, 01:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.