Атырау, 28 қараша 17:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көктайғақ мейрамханаға екі миллион теңге зиян келтірді

2 662 просмотра

Тайғақты күні келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін мейрамхана 2 млн теңгедей өтейді.

Өткен қыста Атырау тұрғыны «Самұрық» мейрамханасынан шығып келе жатып, құлап түскен. Аурухананың травматологиялық бөлімінде оған «сол жақ сирақтың үш толарсақты жабық сынуы» деген диагноз қойды. Қарапайым тілмен айтқанда, ол аршылмаған баспалдақтан тайып кетіп, зақым алған. Бұл зақым әйелді титықтатады, ол емін алып, жұмыс жасай алмаған. Ол «Самұрық» ойын-сауық кешеніне («TurKaz Caspyi» ЖШС) қарсы жоғалтқан кірісін өндіру және денсаулығын зақымдауына байланысты моралдық зиян өтеуді талап етіп, сотқа талап-арыз берген еді.

Атырау қалалық соты оның талап-арызы бойынша азаматтық істі қарап шығып, сол күні оның мейрамханаға барғанын және ол күні қардың мол жауғанын, ал жауапкер тұрғындарға салтанат шараларын өткізу қызметін көрсете отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етпегенін анықтады.

Істі жан-жақты тексеріп шыққан сот талап-арыз берушінің денсаулығына тигізілген зиянды «Oil Real Estate» ЖШС-нен «Атырау» сауда-ойын сауық кешеніндегі орынжайды жалға алып отырған және «Самұрық» деген атаумен мейрамхана қызметін көрсететін «TurKaz Caspyi» ЖШС өтеуі тиіс деп таныды, - Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ.

Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырып, «TurKaz Caspyi» ЖШС-нен материалдық және моралдық зиянды өтеу түрінде 1 813 256 теңгені өндіріп берді. Шешім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 шілде 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.