Атырау, 7 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркия адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенция жұмысын уақытша тоқтатып тастады

2 059 рет қаралды

Фото: AFP

Түркия Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенция жұмысын уақытша тоқтатты, деп мәлімдеді түрік вице-премьері Нуман Куртулмуш. Бұған қоса ол елдегі төтенше жағдай бір немесе бір жарым айда аяқталып қаларына сенім білдірді - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін түрік президенті Режеп Эрдоған төтенше жағдай режимі үш айға созылатынын мәлімдеген еді. Осы уақыт аралығында президент парламенттің көмегінсіз-ақ жаңа заңдар қабылдай алады. Адам құқығын қорғаушылар бұның бәрі сәтсіз төңкеріс жақтастарын репрессиялауға әкеп соқтыра ма деп қауіптенеді. Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер бейсенбі күні Түркияны төтенше жағдай режимін тезірек аяқтауға шақырды.

16 шілдеде түнде Түркияда сәтсіз әскери төңкеріс болып, билік бүлікшілерді басып тастады. Бүлікке қатысқан деген күдікпен шамамен 6 мың адам ұсталды, олардың арасында жоғары лауазымды офицерлер, шенеуніктер және судьялар бар. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бірқатар қызметкерін бүлікшілермен байланысы бар деген күдікпен жұмыстан шығарды.

Дереккөз: Baq.kz

22 шілде 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.