Атырау, 5 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құдалар ыдыс-аяқ үшін соттасты

9 633 рет қаралды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында өзгеше азаматтық іс қаралды. Құдалар келін жасауына таласыпты.

Жастар бірге тұра бастаған, бірақ ресми түрде некелерін тіркемепті. Біраз уақыт өткеннен кейін ене мен келін арасында түсініспеушілік туындауы себепті қыз өз үйіне кетіп қалған. Қыздың анасы әлі құда болып үлгермеген үйден қызының жасауы ретінде берілген заттарын қайтарып алмақ болады. Ал олар құны 24 мың теңге тұратын хром мен әйнектен жасалған екі вазадан басқасын қайтарып береді. Қыздың ата-анасы осыған қатысты сотқа талап-арыз берген.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, «сот отырысы барысында тараптар медиация көмегімен келісімге келді: бұрынғы құдалар ыдысты қайтарды, ал талап-арыз берушілер өз талаптарынан бас тартты. Сот іс жүргізуді тоқтатып, медиативтік келісімді бекітті».

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 шілде 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.