Алматы. 20 шілде. ҚазТАГ – Түркияның радио және теледидар жоғарғы кеңесі 20-дан астам БАҚ лицензиясын жойды, деп жазады Trend.
Anadolu агенттігінің мәліметтерінше, БАҚ-тардың жабылуы әскери төңкеріске байланысты болды.
«STV, Samanyolu Haber, Samanyolu Haber Radyo, Kanal Türk, Kanal 124, Yumurcak TV, Burç FM, Radyo Mehtap сынды арналар жабылды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 15 шілдеде бір топ әскерилер Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Анкара мен Стамбул көшелерінде атыс болып, жарылыстар естілді, ауыр техника енгізіліп, бірақ көтерілісті басудың сәті түсті. Соңғы мәлімететр бойынша, бүлік нәтижесінде 232 адам қаза болды.
Сәтсіз аяқталған төңкеріс нәтижесінде 30 губернатор, 52 азаматтық инспектор, 16 заңгерлік кеңесші мен 47 муниципалитет басшылары, сондай-ақ 7899 полицей мен жандармерияның 614 офицері отставкаға жіберілді. Олардың көбі билікті басып алуға әрекеттенгені үшін қамауға алынды. Түркия билігінің пікірінше ондағы төңкерісті АҚШ-та тұратын оппозицияонер Фетхуллах Гюлен басқарған.
Дереккөз: ҚазТАГ