Атырау, 27 қараша 04:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еревандағы қақтығыстар барысында 25 полицей зардап шекті

2 198 просмотра

Оппозицияшыл демонстранттар полициямен жанжалдасып тұр. Ереван, Армения, 20 шілде 2016 жыл. Фото: Аzattyq.org Ереванда бірнеше полицияны кепілге алған оппозициялық қарулы топ белсенділері мен оларды қоршап тұрған полиция арасындағы қарсылық бесінші күнге жалғасты. Қарулы топты қолдап тұрған жүздеген наразы адам полициямен қақтығысты. Жанжалға биліктің демонстранттардың полиция ғимаратын басып алған адамдарға азық-түлік жіберу талабынан бас тартуы себеп болды. Демонстранттар қарулы полиция шебіне тас лақтырып, полиция оларға құлақ тұндыратын қару қолданған,- деп хабарлады Азаттық.

Кейбір ақпар бойныша, құқық қорғау органдарының кей қызметкерлері жалпы топтан бөлініп манифестанттардың ізіне түскен. Азаттықтың Армян редакциясының тілшісі асфальтте қан тамғанын көргенін айтады. Беті қан болған егде кісі өзін резеңке таяқпен ұрғанын айтты. Қақтығыс орнына екі жедел жәрдем көлігі барған.

Қарулы топ Ереванның Эребуни ауданындағы полиция полкі штабын 17 шілде күні таңертең басып алған. Шабуыл кезінде бір полицей қаза тауып, алтауы жараланған. Қазір топ төрт адамды кепілде ұстап отыр және олар "Құрылтай парламенті" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянді босатуды талап етеді. Сефилян өткен айда заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен қамалған. Олар сонымен қатар Армения президенті Серж Саргсяннің отставкаға кетуін де талап етеді. Билік талапты орындаудан бас тартып, қарулы топпен өз еркімен берілу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 шілде 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.