Шілденің 20-сы күні таңертең Атырау-Орал тас жолының Махамбет ауданы Сарытоғай ауылы тұсында жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қазаға ұшырады.
Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Жасталап УРАКОВТЫҢ айтуынша, 37 жастағы Тойота Ланд Крузер автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай, қатты жылдамдықта бірнеше рет аударылып, жолдың шетіне шығып кеткен. Төрт жолаушы - үш әйел адам мен бір ер адам сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-тармағымен («Көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі мен немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екі немес одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған әрекет») қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде
Ләззат ҚАРАЖАНОВА