Атырау, 27 қараша 04:21
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Украина бас прокуроры: Шеремет қастандық құрбаны болды

1 980 просмотра

Павел Шеремет. Фото: Ria.ruФото: Киев полициясының баспасөз қызметі

Украина бас прокуроры Юрий Луценко журналист Павел Шереметтің қазасын "қастандықпен өлтіру" деп атап, қылмысты ашуға қолдан келетін барлық шараларды жасауға уәде етті,- деп хабарлады Азаттық.

Украина президенті Петр Порошенко күш құрылымдарына журналистің қазасын жедел тергеп, жазалыларды жауапқа тартуды тапсырды.

Бұған дейін Украина ішкі ісмтер министрлігі журналист отырған көлікте жарылғыш құрылғы жарылғанын хабарлаған. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко жарылғыш құрылғы қашықтан басқарылған болуы немесе белгілі бір уақытта іске қосылатын механизмі болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Шеремет қызмет еткен "Украинская правда" басылымы бүгін таңертең журналист көлікке отырып, үйінен ондаған метр ұзап шыққан соң көлігі жарылғанын хабарлаған. Көлік басылым басшысы Алена Притулге тиесілі болған. Притулдің өзі көлікте болмаған.

44 жастағы Шеремет ресейлік, беларусь және украин ақпраат құралдарында қызмет еткен. Журналистік қызметін ол Беларусь телеарнасынан бастаған. 1998-2008 жылдары ол ОРТ телеарнасында арнайы тілші, "Время" бағдарламасының жүргізушісі және бірнеше деректі фильмнің авторы болған. Соңғы бірнеше жылда ол Киевт тұрып, "Украинская правда" басылымында қызмет еткен және "Вести" радиосында жүргізуші болған.

Павел Шеремет Азаттықтың Орыс редакциясының эфиріне талай рет шығып, Украина мен Ресейдегі саяси процестерге комментарийлер берген. Журналист Украинадағы Еуромайдан қозғалысын қолдап, Ресей билігін сынаған. Соңғы рет ол биыл 9 мамырда "Лицом к событию" бағдарламасының эфиріне шыққан.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 шілде 2016, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.