Бұл бейнежазба сенбі күні, 16 шілдеде теміржол көпірінің маңында түсірілген. Қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ комментарий береді:
– Бір нәрсе ғана айта аламын – бұл сенбі күні сағат 14.00-ден кейін түсірілген (шынымен де, 14.17-де түсірілген – З.Б.). Өйткені сағат екіде біздің жұмыс күніміз аяқталған еді. Бірақ бұл бірен-саран жағдай ғана. Біз кезекшілік еткен кезде – ешкім болмады, жұмыс күні аяқталғанда – олар атып шыққан. Біздің адамдар да робот емес қой, біздің белгіленген жұмыс күніміз бар. Басқа уақытта бұл ауданда күн сайын сүзу жұмыстары жүргізіледі. Өйткені теміржол көпірі - бұл стратегиялық нысан. Сізден бейнежазба алғаннан кейін бұл ауданды бірнеше күннен бері балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімімен бірге тексеріп жатырмыз. Бұл қайықты да, ұзындығы 25-
– Біздің оқырмандарымыздың, заңсыз балық аулауға куә болғандардың хабарламаларын сіздерге жолдау үшін немесе адамдардың өздері бірден сіздерге хабарлау үшін қандай да болмасын байланыс телефондарыңызды берген жөн шығар.
– Әрине, кез-келген уақытта 297 297 телефонына қоңырау шалуға болады. Кез-келген факт бойынша бірден әрекет жасалады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Бейнежазбаны түсірген автор