Фото: abarahpress.comГермания полициясы елдің оңтүістігіндегі Баварияда пойыз жолаушыларына пышақ пен балта алып шабуылдаған 17 жастағы ауған босқынының бөлмесінде қолмен салынған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының туы табылғанын хабарлады,- Азаттық.
Ішкі істер министрі Йоахим Херрманн қазір Вюрцбург қаласында шабуыл жасаған адамның исламшылдар тобына қатысы болғаны я болмаса өздігінен радикалданғаны жөнінде айту қиын екенін айтты.
Полицияның айтуынша, «Аллаху акбар» деп айқайлып, жолаушыларға пышақ пен балта алып жүгірген жас жігіт бес адамды жарақаттаған. Олардың екеуі ауыр халде. Шабуылдаушы жігітті полиция атып өлтірген.
Полиция ауған босқынының шабуылды не себепті жасағаны әлі толық белгілі емес дейді. Айтуларынша, ол Германияға екі жыл бұрын ата-анасынсыз келіп, Вурцбург ауданындағы Ошенфурт босқындар үйінде тұрған. Жақында ғана оны отбасы асырап алған.
Полиция шабуылға байланысты Вюрцбург-Хайдингсфельд және Оксенбурт арасындағы теміржол байланысын уақытша тоқтатқан.
Дереккөз: Аzattyq.org