Атырау, 28 қараша 17:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Белгіні ауыстыру керек

3 621 просмотра

«АЖ»-ға қала тұрғыны Төлеген ӘБІЛОВ мынадай проблемамен жүгінді:

Қызым I топ, әйелім – ІІ топ мүгедегі. №2 емханаға үнемі қаралып тұрамыз. Ал ол жерге жету мұң. Шығатын екі жол шлагбауммен жабылған. Бірақ бұрын бірдеңе етіп өтуге болатын еді, ал жақында шлагбаум алдына «Кіруге тыйым салынған» белгісі орнатылған. Егер мен туыстарымды емханаға алып келген болсам, егер емханаға жақындай алмасам, онда оларды қайда түсіруім керек? Тоқтауға тыйым салынған жол бөлігіне ме? Емхананың алдында көлік қоятын жер бар. Неліктен пациенттер оны пайдалана алмайды? Ал шлагбаум алдына орнатылған тыйым салынған жол белгілері жүргізушілерге ағаш бұтақтарынан көрінбейді. Полиция қызметкерлері көбінесе белгіні байқамағандарға айыппұл жазып береді. Емхана басшылығы келушілерге неліктен осыншама қолайсыздықтар туғызып отыр?

Қала тұрғынының сұрақтарын біз №2 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлмира ШАМАЕВАҒА жолдадық. Оның редакция сауалына берген жауабында емхананың сыртқы есігінің алдына шлагбаумдарды орнату мәжбүрлі шара екені айтылған. Өйткені көлік қоятын жерлер мен өткелдерге таксистер орналасып алған. Ал бұл қызметтік көлік пен емхана келушілерінің кіруін қиындатады. Әкімшілік полиция басқармасына көлік қоятын жерлер мен кірме жолдарды басып алған таксистерге қатысты шара алу туралы әлденеше рет өтініш еткеннен кейін «Кіруге тыйым салынған» белгілері орнатылды.

«Бірақ бұл басқа проблема тудырды. Бұл белгілер пациенттерге кедергі келтіріп қана қоймай, пациенттердің үйлеріне үнемі барып тұратын және оларды медициналық көмек көрсету, диагностика жүргізу үшін емханаға жеткізетін медиктердің жұмысын қиындатып тұр. Біз әлденеше рет әкімшілік полиция басқармасына «Кіруге тыйым салынған» белгісін «Қозғалуға тыйым салынған» белгісіне ауыстыру қажеттілігі туралы хат жолдадық. «Қозғалуға тыйым салынған» белгісі бүкіл даулы жағдайларды шешер еді. Өйткені оның талаптары маршруттық көлік құралдарына, осы белгінің әрекет ету аймағында тұратын немесе жұмыс жасайтын азаматтарға тиесілі көлік құралдарына, І және ІІ топ мүгедектері жүргізетін немесе оларды тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды. Біздің өтініштерімізге қарамастан бұл ахуал өзгермей отыр», - дейді өз жауабында Г.Шамаева.

Біз Атырау облыстық ІІД ӘПБ-ге сауал жолдадық. ӘПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ қолы қойылған жауапта былай делінген: «Әкімшілік полицияның өкілетті қызметкерлері осы учаскеге зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қалалық ТКШ, көлік және көлік жолдары бөліміне осы учаскеде «Кіруге тыйым салынған» жол белгісін «Қозғалуға тыйым салынған» белгісіне ауыстыру туралы ұйғарым берілді. Бұдан басқа, ТКШ бөліміне осы жердегі ағаштарды кесу туралы ұйғарым берілді».

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

19 шілде 2016, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.