Атырау, 27 қараша 04:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ереванда қарулы топ кепілдегілерді әлі ұстап тұр

1 959 просмотра

Фото: Аzattyq.orgЕреванда полиция ғимаратын басып алған радикалды оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының қарулы мүшелері мен қауіпсіздік күштері арасындағы қарсылық басылмай тұр. Қарулы топ кепілге алған жеті адамның үшеуін босатқан,- деп хабарлады Азаттық.

17 шілдеде таңертең кем дегенде он адам Ереванның Эребуни ауданында полицияның патруль-пост қызметі полкі аумағын басып алып, адамдарды кепілге алған. Қарулы топ оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянді қамаудан босатуды, Армения президенті Серж Саргсяннің отставкаға кетуін талап етеді. Сефилян өткен айда қарулы көтеріліс жасауды жоспарлады деген айыппен қамауға алынған.

Кейбір ақпар бойынша, қарулы топ пен кепілде отырған бірнеше полиция қызметкеріне тамақ пен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілген. Бұған дейін Армения полициясы бастығының бірінші орынбасары генерал Унан Погосян кепілге алынғандар арасында полицияның жоғары шенді екі шенеунігі барын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 шілде 2016, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.