Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Естеріңізге салып өтейік, 14 шілдеде қалалық активте облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жаңа қала әкімін – 37 жастағы Серік ШАПКЕНОВТЫ таныстырған болатын.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВАНЫҢ айтуынша, үш жыл қатарынан бірінші орынбасардың лауазымын атқарған Ерболат БЕКТЕМІРОВ жұмыстан өз еркімен босатылған.
Айнұр САПАРОВА