Атырау, 27 қараша 04:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кремль: Қазақстан, Түркия және Армениядағы жағдайларға алаңдаймыз

1 789 просмотра

Мәскеу Қазақстандағы "исламшыл қарулы топтың" полицияға шабуылына, Түркиядағы бүлік және Армениядағы қарулы топтың кепілге адам алу оқиғаларына қатысты алаңдаушылық білдірді,- деп хабарлады Азаттық.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (суретте) баспасөз конференциясында журналистерге Ресей көрші елдердегі толқу алаңдайтынын айтқан.

"Бізге түсіп жатқан ақпараттарға сай тиісті қауіпсіздік шараларын жасап жатырмыз. Біз көршілеріміздің көркейіп, тұрақты және болжауға келетіндей ел болғанын қалаймыз" деген Песков.

Алматыда бүгін қарулы бірнеше адам Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, үш полицей мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан.

17 шілдеде Ереванда "Құрылтай парламенті" қозғалысының қарулы боп белсендісі полиция штабын басып алып, адамдарды кепілге алған. Соңғы мәлімет бойынша, Армения полициясының кепілдегілерді босату жөніндегі келіссөзі әлі аяқталмаған.

Сенбіге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс арқылы билікті басып алу әрекеті жасалды. Ресми мәлімет бойынша, 300-ге тарта адам қаза тапқан. Бүлікке қатысты алты мыңға жуық әскери қызметкер ұсталған.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 шілде 2016, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.