Атырау, 27 қараша 04:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ереванда қарулы топ полицияны басып алып, бір адам қаза тапқан

2 823 просмотра

Бүгін Ереванның Эребуни ауданындағы полиция бөлімін қарулы топ басып алған. Оқиға кезінде бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған деп хабарлады армениялық «Еркир медиа» телеарнасы. Зардап шеккендердің кімдер екені әзірше белгісіз,- деп хабарлады Азаттық.

Жергілікті бірқатар ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы топ Ереван полициясы бастығының орынбасары Валерий Осипянды кепілге алған. Ғимаратты әскер қоршап тұр, ол жерге Армения полициясының бастығы Владимир Гаспарян барған.

Бұған дейін бүгін таңертең қарулы бір топ адам полиция мен ішкі әскер бөлімі ғимаратын басып алып, қазіргі кезде заңсыз қару сатып алған және сақтаған деген айыппен қамауда отырған, «Құрылтай парламенті» оппозициялық азаматтық қозғалысының үйлестірушісі Жирайр Сефилянды босатуды талап еткені туралы ақпарат тараған еді.

Армениялық бұқаралық ақпарат құралдары қарулы топ жексенбі күні таң ата жүк көліктерімен полиция бөлімі аумағына қақпаны бұзып-жарып кірген деп хабарлаған.

Армения билігі әзірше бұл оқиға туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 шілде 2016, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.