Атырау, 28 қараша 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Абақтыға отырған соң мәнісі жоқ

2 479 просмотра

Image 0Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс соттарының жарты жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өтті.

2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, жалпы сотқа жүгіну саны 25 пайызға азайды. Мәселен, салық төлеушілерге хабарлама табыстау процедурасының өзгеруі салық бойынша берешекті өндіру туралы істердің 80 пайызға азаюына әкелді. Қазіргі кезде хабарламалар шабармандар арқылы табысталады. Азаматтардың істі сотқа жеткізбей салық мөлшерін төлеуге немесе оған шағымдануға уақыттары болады. Еңбек даулары жөніндегі істер сотқа жүгінбес бұрын мақұлдау комиссиясының келіспеушілігін қарауды топшылайтын жаңа Еңбек кодексінің енгізілуіне байланысты 37,5 пайызға азайды.

Сотта әкімшілік іс бойынша жаза алған адамның осы шешімге шағымданғысы келетін жағдайлар да кездеседі. Бірақ үлгермейді: ол бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Ал бостандыққа шыққан соң, абақтыда отырып шыққаннан кейін оны даулаудың мәні болмайды. Журналистер азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади ШИҒАМБАЕВТАН осы ахуалға түсінік беруді өтінді. Оның айтуынша, қалай болғанда да құқық бұзушының сот актісіне шағымдануға құқығы бар. Заңда жаза қаулысын тоқтату немесе арызды жаза тағайындау туралы сот қаулысы шығатын күні қарау қарастырылған. Судья азаматтарда арызды әзірлеуге уақыт болатындығына, өйткені олар сот шешімі шыққанға дейін оларды не үшін айыптап отырғандығын білетіндігіне сенімді. Бұл құқықбұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
16 шілде 2016, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.