Құрманғазы аудандық прокуратурасы тексеру барысында аудандық орталық ауруханасында психиатриялық есепте тұрған сырқат жандарға мұндай есепте жоқ деген жалған анықтамалар бергендігі және олардың кейін осы анықтамамен жүргізуші куәлігін алғандығы анықталды.
- Жүргізуші көлігінің берілу заңдылығын тексеру кезінде көлік құралын басқаруға абсолютті тыйым салынған психиканың органикалық бұзылулары, шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылулар, кемел шақта тұлғалық пен мінез-құлықтың бұзылуы, ақыл-ой кемдігі сияқты медициналық қарсы көрсетілімдері бар аурулармен ауыратын 23 адамға жүргізуші куәлігі берілгендігі анықталды, - дейді Құрманғазы ауданының прокуроры Ерлан ХИСМИТУЛЛИН. - Олардың 15-і психиатриялық есепке алынғаннан кейін куәлікті алса, ал 8-і жүргізуші куәлігін алғаннан кейін есепке алынған.
Мәселен, биыл 2014 жылдан бері ақыл-ой кемістігімен психиатриялық есепте тұрған Дәшін ауылының 28 жастағы тұрғыны жалған анықтамамен жүргізуші куәлігін алған.
Аудандық прокуратура ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-тармағымен («Көрiнеу жалған құжатты пайдалану») қылмыстық қозғады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА