Атырау, 11 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырау қаласының жаңа әкімі – Серік Шапкенов

13 160 просмотра


Бүгін, 14 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қала активінде Атырау қаласының жаңа әкімін - 37 жастағы Серік ШАПКЕНОВТІ таныстырды.

Атырауды 2014 жылдың маусымынан бастап басқарған бұрынғы әкім Нұрлыбек ОЖАЕВ «басқа лауазымға ауысуына байланысты» деген анықтамамен орнынан босатылды, бірақ қандай лауазымға отыратыны айтылмайды.

Шапкенов – Батыс Қазақстан облысының тумасы, Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің қоршаған ортаны қорғау қорының маманы болып жұмыс істеген, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде түрлі лауазымдарда отырып, облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 шілде 2016, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.