Екі жылға жуық уақыт бұрын Бейбарыс даңғылында тұрғызылған №№17 және 21 тұрғын үйлердің қаладағы типтік тұрғын үйлерден аса көп айырмашылығы жоқ.
Шаршы алаңы шағын болып келетін экономкласс баспаналардың иелері Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің клиенттері. Олар жеңілдікпен пәтерге қол жеткізу үшін банктің есепшотында тірнектеп ақша жинады.
Айтуларынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы пәтерлер бөлінген күн кәдімгідей мереке болған... бірақ, көктем келісімен бәрі сап тыйылды. Өйткені, аулаішілік жолдардың төсемі топырақ пен қиыршық тастар араласқан қойыртпаққа айналып, жолда терең ойықтар пайда болды. Тұрғындар ұзақ шыдағандарын және бас мердігердің әрекетін күткендерін айтады. Бірақ, қанша күтуге болады? Жергілікті ПИК те көмектеспеді.
Жағдай жаңбырлы күндері жол төсемі жүзе бастаған кезде нашарлай түседі. Сірә, мұнда ауладан шыға бере, құрамдас көлік бөлшектерін жоғалтып алмаған автоәуесқой жоқ шығар.
Марат ТАКУЛИН
Бейнежазбаны түсірген автор