Атырау, 28 қараша 19:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда өтетін жер комиссиясының отырысы кейінге қалдырылды

2 930 просмотра

Бұл туралы «АЖ»-ға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Роман МАҚСОТОВ хабарлады.

Жақында ҚР үкіметінің жанындағы жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның мүшесі Мұхтар ТАЙЖАН өзінің Фейсбук парақшасында кезекті комиссияның көшпелі отырысы 16 шілде күні Атырауда өтетінін жазған болатын (бұған дейін олар Астана мен Алматыдан бөлек, Көкшетау және Қызылордада өткен еді).

Әзірге отырыстың Атырауда қай күні өтетіні туралы ақпарат жоқ. Шамамен келесі аптада болады деп отырмыз, дейді Р. Мақсотов.

– Ал отырысты өткізу күні қандай себеппен ауыстырылды?

– Бұл туралы бізге белгісіз.

Таяуда комиссия төрағасы Асқар МЫРЗАХМЕТОВ журналистерге көшпелі отырыстарды өткізу өңірдің техникалық жағынан дайындығына байланысты екенін айтқан болатын:

Комиссия отырысы тікелей эфирде көрсетіледі, бұл техникалық қамтамасыз етуді қажет етеді.

Айнұр САПАРОВА

13 шілде 2016, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.