Атырау, 28 қараша 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Зардап шегушілер үшін басқа да бюджет бар

2 009 просмотра

Индербор поселкесінде дауылды желден зардап шеккен ғимараттар мен тұрғын-жайларды қалпына келтіру қаржылары ТЖД-нің резервтік қорынан алынуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Индер ауданына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, 20 маусымда жылдамдығы секундына 20-25 метрге жеткен жел Индербор орталығындағы ғимараттардың шатырларын, соның ішінде спорт кешені, мектептер мен бірнеше тұрғын үйлердің шатырын жұлып кеткен еді. Индер ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша, жалпы сомасы 35 миллион теңге шамасында 11 құрылысқа зиян тигізілді. Құрбандар мен зардап шегушілер жоқ.

- Бағымызға қарай, тұрғын үйлерге көп зақым келген жоқ, кешікпей оларға жөндеу жасалатын болады. Біз зардап шегушілерден материалдық зиянды өтеу туралы арыз жинап алдық. Кешікпей облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы өтініш беретін боламыз. Ол облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралатын болады, - деді аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали АЛДЕРЗИН.

Ноғаев бұл жұмыстарды басқа ресурстар есебінен жылдамдатуға болатынын айтты:

- Мәслихат сессиясын (ол күзде өтеді) күтудің түкке керегі жоқ. Заң бойынша дүлей апат салдарын жоюға ақшаны ТЖ Департаментінің резервінен алуға болады. Сіздерге тездетіп тиісті өтінішті беру керек.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
13 шілде 2016, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.