Атырау, 28 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Даңқты көше, ұмыт қалған көше

Бейнежазба
2 856 просмотра

Кейінірек соғыс ардагері Баймырза Жексемалиевтің аты берілген Бөлекқайыр көшесі Атырау картасында осыдан 90 жыл бұрын, қазір аумақ бойынша облыс орталығына жататын Еркінқала поселкесінде пайда болған еді.

Осыншама ұзақ уақыт ішінде оған бірнеше буыннан мыңдаған адам аяқ басты. Оның бойымен күн сайын отбасылар жұмысқа барды, кешке үйлеріне келді. Ұзындығы бір шақырымнан астам осы көшеде ұзақ жылдар бойына кезінде ынтымақты ұжым болып көкөніс дақылдары мен жемістердің өнімділігі бойынша рекорд орнатқан, қалаға машинамен тәтті қарбыздар мен бал татыған қауындар тиеген ғажайып адамдар өмір сүріп келеді.

Бұл көше бір ғасырлық тарихында бірде-бір асфальтталмаған. Адамдар бұл болмысқа мойынсұнудан шаршады. Биылғы жылдың қаңтарында бұл жерге сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ат басын тірегенде үміт пайда болды. Ол жиналғандарды тыңдап, көшені 2016 жылдың сметасына енгізуге уәде берді. Осыдан кейін Еркінқалада жұмыс қайнады. Қажетті материалдар мен техника әкелінді. Қысқа мерзім ішінде Жексемалиев көшесінен басқа бүкіл поселке дерлік ойқышты және шұқырлы жерлерден арылды. Тұрғындар поселке басшысы Ерғали ТАПАНОВҚА: «бұл қалай болғаны, бастық айтты ғой!» деп жүгінді. Ал оларға әкім жарытымды ештеңе айта алмады.

Сондықтан бұрынғыша нөсер жаңбыр жауса, сорлы көше батпаққа айналады.

Тұрғындар әлденеше рет жолға қиыршық тастар, кірпіштер мен құм төгуге әрекеттенді. Алайда балшық қайта шығып, материалдарды батпақ ұйығы секілді жұта берді. Бұл жерге жедел жәрдем көлігі кіруден бас тартады. Өйткені көліктерді әлденеше рет сүйретіп шығаруға тура келген. «Арнаулы автобазаның» қоқыс шығаратын көліктерін бұл жерде сирек көресіз. Үйге такси шақырту арман деуге болады. Ал жұмысқа шыққан кезде адамдар екінші аяқ киімін ала шығады. Мұның бәрі 21 ғасырда, мұндай проблемалар болмауы тиіс қалада болып жатыр. Қанша дегенмен, мұнайлы астана ғой.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор
13 шілде 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.