№2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша үкім шығарды.
Биылғы жылдың наурызында 30 жастағы ер адам мас күйде полицияға қоңырау шалып, Геолог поселкесіндегі автобус аялдамаларының біріне жарылыс құрылғысы салынғаны туралы хабарлаған. Арнайы бөлімше саперлары бомба таппады. Алайда полицейлер жалған террористті анықтап, ұстады.
Сот оны кінәлі деп танып, екі жыл жарымға бас бостандығынан айыру жазасын берді.
- Бұдан басқа, сот 73 859 теңге сомада сотталушыдан «жарылыс құрылғысын» іздеуге жұмылдырылған барлық қызметке тигізілген материалдық зиянды өндіріп алу туралы прокурордың талап-арызын қанағаттандырды, - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Зульфия ИСКАЛИЕВА