Атырау, 28 қараша 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өнер шеберлерінен шабыт алды

2 960 просмотра

ART-Scene театр студиясының жас әртістері «Бурабай таланттарды қарсы алады» атты халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі өткен Бурабайдан оралды. Бос келмеді, гран-приді ала келді.

- Фестивальға тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де 56 шығармашылық ұжым қатысты. Ресейден өте талантты балалар болды. Көрермендер мен қазылар алқасының назарына шығармашылық 80 нөмір ұсынылды. Біздің балаларға оңай соқпады, өйткені жеребе бойынша оларға соңғы болып өнер көрсетуге тура келді. Ал фестивальдің өзі бес күн бойына өткен еді. Осы уақыт ішінде олар өздерінің шығу уақыттарын күтіп, қатты толқыды, - деп әңгімелейді ART-Scene студиясының жетекшісі Гүлназ ҚАМЫСБАЕВА.

Біздің жас актерлар – «Маугли» мен «Буратиноны» сахналады. Нәтижесінде балалар гран-при мен Дубайда өтетін балалар фестиваліне қатысу сертификатын жеңіп алды.

Айтпақшы, бұл кішкентай әртістердің алғашқы жеңісі емес. Жыл басында олар Астанада өткен ІІ Халықаралық «Феерия» байқау-фестиваліне қатысып, бірінші орын иеленген болатын.

- 15 мамырда біздің балалар М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театры актерлерімен бірге Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер ана» қойылымы бойынша балалар рөлін сомдады. Біз балаларға сахнаны, жарықты, зал энергетикасын, кәсіби әртістердің жұмысын сезінуге мүмкіндік беруді ұйғардық. Бұл оларды қатты әсерлендіріп, шабыт берді. Бәлкім, сол кезде біздің театр сахнасында алған әсерлері олардың Бурабайда табысты өнер көрсетулеріне септігін тигізген шығар. Өйткені, бұл фестивальға біз бір ай қалғанда әзірленген едік, - дейді Г.Қамысбаева.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суреттерді ART-Scene студиясы ұсынды

12 шілде 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.