2016 жылы Атырау облысында сібір жарасына қарсы вакцина келесі мөлшерде бөлінді: ірі мүйізді қара үшін 154 010 мөлшер, ұсақ қара мал үшін 691 610, жылқылар үшін 37 010, түйелер үшін 24 110 және шошқалар үшін 500 мөлшер.
Бұл туралы облыс әкімі Н.Ноғаев премьер-министрдің төрағалығымен өткен ҚР үкіметінің отырысында хабарлады.
Ноғаевтың айтуынша, өңірде түрлі жылдарда сібір жарасынан өлген жануарлар көмілген 22 орын бар. Бәрінің мемлекеттік актілері бар. Көмілген жерлерді қоршау жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 45 млн теңге бөлінді.
Марат ТАКУЛИН