Атырау, 2 маусым 11:39
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Атырау-Орал трассасында ЖКО салдарынан үш адам қаза тапты

3 474 рет қаралды

9 шілде күні Атырау-Орал тас жолының 163 шақырымында Индер ауданы Ынтымақ ауылының тұсында жол апатынан үш адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды.

Трассада «Лада Ларгус» пен «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысып, нәтижесінде екі көліктің жүргізушілері және «Ларгустың» бір жолаушысы оқиға орнында қаза болды. «Ларгустың» үш жолаушысы жарақат алды. «Ларгустегі» жолаушылардың бәрі - Өзбекстан азаматтары.

- Осы факт бойынша Индер АІІБ-де сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды, - дейді Индер аудандық прокуратурасының аға прокуроры Баубек ӘДІЛҒАЛИЕВ. – Алдын ала жорамал бойынша, жүргізушінің бірі автокөлікті басқару жүйесіне ие бола алмай қалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
11 шілде 2016, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.