Атырау, 6 мамыр 19:29
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Құлсары-Теңіз трассасындағы жол-көлік оқиғасында үш адам қаза тапты

4 043 просмотра

6 шілде күні Құлсары-Теңіз трассасының 75-ші шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасында үш адам қаза тапты, үшеуі жарақат алды.

Полицияның жорамалы бойынша, Құлсары қаласының 26 жастағы тұрғыны «Шевроле Трекер» көлігінің рөлін басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Лада» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «Лада» рөлінде отырған 34 жастағы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылының тұрғыны және оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Ладаның» тағы екі жолаушысы және «Шевроле» жүргізушісі аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 шілде 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.