6 шілдеде АМӨЗ-де баяу кокстау қондырғысында (БКҚ) өрт тұтанғаны тіркелді.
Екі БКҚ-ның бірінде сағат 18.21-де жалын пайда болған. «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған сорғы жабдығының қабылдау желісіндегі ілмекті арматураның ашылып, саңылауланғаны себеп болған.
Өрт қалалық өрт сөндіру жасағының қатысуымен ПАСЧ-16 өрт сөндіру бөлімінің күшімен ауыздықталды.
Оқиғадан кейін таратылған баспасөз хабарламасында айтылғандай, «қондырғы персоналы «Апатты жою жоспарына» сәйкес, технологиялық жабдықты апатты тоқтатуға дереу кіріскен. Апатты тоқтату процесінде төрт технологиялық пештің бірінде конвенция камерасының иректі тұрба түтігінде саңылау орын алып, пештің іші тұтанған».
Сағат 20.06-да тұтанған өрт толықтай өшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Зауытта қалпына келтіру жұмыстары басталды, екінші блокта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін қондырғы уақытша төмендетілген жүктемемен (бір технологиялық блокпен) жұмыс істейтін болады. Мұнай өңдеу көлемі төмендетілмеген және мұнай өнімдерін жоспарлы тиеу жұмыстары қалыпты режимде жалғасатын болады, деп хабарлайды АМӨЗ баспасөз қызметі.
Баяу кокстау қондырғысы жиынтық коксты (ірілігі бойынша сұрыпталмаған кесектердің механикалық қоспасы) өндіруге арналған.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор