Атырау, 28 қараша 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

КҚК: «Қысқартуға жол бермейміз»

2 168 просмотра

4 шілдеде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жақында тағайындалған «Каспий Құбыр Консорциумы» (КҚК) бас директоры Николай ГОРБАНЬМЕН кездесті.

КҚК құбыр желісі жүйесі – ТМД аумағындағы шетелдік капитал қатысы бар энергетикалық саладағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кеніштерін Новороссийскідегі теңіз терминалымен жалғайтын құбырдың ұзындығы 1511 км құрайды.

Осы жобаны кеңейту жобасы қолданыстағы 5 станцияны жаңғыртуды және қосымша мұнай айдайтын 10 станция (2-уі – Қазақстан аумағында, 8-і - Ресейде) салуды, Новороссийск түбінде мұнай сақтау үшін қолданыстағы төрт резервуарға қосымша жаңа алты (әрқайсысы 100 мың текше метр көлемде) резервуар салуды және КҚК теңіз терминалында үшінші айлақ құрылғысын салуды, сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы 88 шақырымдық учаскені үлкен диаметрлі тұрбаға ауыстыруды жобалайды.

Жобаға салынған инвестицияның жалпы сомасы 5,4 млрд АҚШ долларын құрайды.

Өңір басшысы мен КҚК директоры ең алдымен жұмыс орындарын сақтау мәселесін талқылауға кірісті.

- Бізде жұмыс орындарын сақтау бойынша нақты жоспарлар бар. Біз олардың орындалғанын қалаймыз. Босаған жұмысшы кадрларды жаңа жобаларға пайдалануға тиіссіздер, өйткені кеңейту жаңа бос орындардың ашылуын білдіреді, - деп ұсынысын айтты Ноғаев.

- Бұл маңызды мәселелердің бірі. Бірақ қазір жаппай қысқартулар жобаланып жоқ. Біз адамдар жайбарақат жұмыс жасаулары үшін ғана пайдалану құрылымдарының ағымдық қызметіне жергілікті кадрларды көбірек тартуға тырысамыз, - деп жауап берді КҚК бас директоры Горбань.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
7 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.