4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс әкімі Н.Ноғаевтың қажетті мектеп құрал-жабдықтарын сатып алу туралы ұсынысын мақұлдады.
Бюджеттен Атырау облысының орта оқу орындарына арналған 21 мың парта, үш мыңнан астам компьютер, сонымен қатар екі мың мектеп тақтасын сатып алуға қаржылар қарастырылды.
Облыс әкімі Қызылқоға ауданындағы жұмыс сапары барысында ауыл мектептеріндегі құрал-жабдықтарға, яғни, компьютерлердің жұмыс жасамайтындығына, парталардың сынып, тақталардың ескілігіне сын айтқан болатын.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің растауынша, Н.Ноғаев «облыстағы бүкіл оқу орындарындағы мектептің құрал-жабдықтарды жаңартуды» тапсырды. Демек, 103 мыңдай оқушы білім алатын облыстағы 192 мектептің құрал-жабдықтары жаңартылады деп күтеміз.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА