Атырау, 28 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шатыры жоқ баспана

2 468 просмотра

Индербор поселкесіндегі Тайсойған көшесі №9 үйдің шатыры жел тұрса болды, жұлынып кете береді. Жақында күшті желдің салдарынан шатыры тағы да ұшып жерге түсті.

Бұл жағдай 2009 жылдан бері бар. Сол жылы күшті желден поселкедегі төрт үй шатырсыз қалған болатын. Желдің салдарынан 70 пәтерлік №9 үй де шатырсыз қалды. Кейін 2012 жылы, 2015 жылы және биыл 2016 жылы орын алды.

2009 жылы шатырларды жөндеуге әкімдіктің ішкі қорынан 12 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Алайда, екі жылдан соң мердігер мекеме – «АтырауАламан» ЖШС-нің директорын алаяқтық жасағаны үшін соттады. Бірақ, №9 үйдің шатыры тағы да желмен ұшқан еді.

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ауданға келген кезінде қаржы бөлу мәселесін шешуге көмектесетініне уәде берген. Индер ауданы әкімінің орынбасары Мұхамбетқали АЛДЕРЗИННІҢ ақпаратына сәйкес, шатырларды жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттар жасақталып жатыр.

Тайсойған көшесі №9 үйдің тұрғындары шатырды ақырында мұқият жөндеп беретініне үміт артып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.