Атырау, 28 қараша 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Құрылыс қалдығы үшін тұрғындар жауапты»

2 861 просмотра

Екі апта бойына «АЖ»-ға Атыраудың түрлі аудандары тұрғындарынан лық толы қоқыс контейнерлері мен олардың төңірегіндегі аумақтың ластануына қатысты сұрақтар түсуде.

Авангард 3-ші ықшамауданының тұрғыны Николай проблемалардың осыдан екі жыл бұрын контейнер алаңдарын бұрынғы орыннан (трансформаторлық қосалқы станция) көлік қоюға арналған қалтаға көшірген кезде басталғанын айтты. 40, 41, 42, және 43 үйлерге арналған төрт контейнер орнатылған, алайда оларды басқа үйлердің, сондай-ақ, Жеңіс бағының жанында орналасқан жеке сектордағы жекежайлардың тұрғындары да пайдалана бастады. Жеке сектор тұрғындары бұл жерлерге құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қалдықтарды, араланған ағаштар мен шабылған шөптерді әкеліп төгіп тастайды.

Қоқыс біртіндеп аулаға, балалар алаңына желмен және қаңғыбас жануарлар арқылы таралады. Жаман иіс жайылып, жазғы ыстық жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Балалармен серуендеп, демалып отыру мүмкін емес. Тұрғындар осыған қатысты «Ануар-Авангард» ПИК-іне әлденеше рет шағымданған, алайда ондағылар бұл олардың міндеті емес екенін, мұнымен «Арнаулы автобаза» ЖШС айналысуы тиіс екенін айтқан.

Осыған ұқсас шағыммен редакцияға қала маңындағы Жұмыскер поселкесінің тұрғыны Дина хабарласты:

– «Арнаулы автобаза» қызметкерлері контейнерлерді босатады, ал оның айналасында не жатқандығы туралы алаңдамайды. Уақыт өте келе қоқыстың үйіліп қалатыны сондай, бактардың қасына жақындау мүмкін болмайды. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі мал ұстайды, сиырлар табынымен қоқыс аймағына «жайылады», пакеттердің дал-дұлын шығарып, ішіндегілерді жол бойына шашып тастайды.

Ахуалға түсінік беру үшін «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Мұратбек МАХАНОВҚА хабарластық.

Оның айтуынша, күн сайын қалаға қоқыс жинайтын 23 көлік шығады. «Арнаулы автобаза» міндетіне тек қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау ғана кіреді. Контейнерлер жанында үйіліп қалатын ірі габаритті және құрылыс қоқыстары үшін жауапкершілік алмайды. Мұндай қоқыстарды қала тұрғындары контейнер жанына жинап қоймай, қалалық қоқыс орындарына өздері апарып тастауы тиіс. Маханов ереже бұзушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндерін түсіндірді.

Анастасия АЛЮШИНА, ПМПУ-дың ІV курс студенті

7 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.