Атырау, 28 қараша 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​36,8 миллиард береді + жылына 12 миллион

2 796 просмотра

ТШО өндірістік қуаттылықты кеңейту жобасының құнын 37 млрд АҚШ долларына бағалады. Бұл туралы мұнай өндіруші компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде хабарланды.

«Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Батыс Қазақстанда орналасқан Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі сатысы болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады. Қазіргі таңда ККЖ-ҰЕҚБЖ құны күтілмейтін шығындар мен өсімді қосқанда 36,8 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Алғашқы мұнайды алу 2022 жылға жоспарланған», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. – «ККЖ аясында 2008 жылы Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықты арттыру үшін ТШО-ның алдыңғы жобасында табысты түрде дайындалған және сыналған шикі газ айдау технологиясы пайдаланылады. Нәтижесінде Теңіз кен орнындағы шикі мұнай өндірістік қуаттылық жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге артып, жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. Шарықтау кезінде бұл көрсеткіш тәулігіне 900 мың баррельден асады. ККЖ-ны жүзеге асыру арқылы өндіріс көлемі артса, ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты кешенді технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді».

Жобаны қаржыландыру көзіне келер болсақ, бұл мәселені жақында ТШО-ның бас директоры Тед ЭТЧИСОН энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВПЕН болған кездесуде айқындап алған еді:

«Бұл жоба серіктестердің қаржысына жүзеге асады, біз жобаны қаржыландыру үшін қолданыстағы ақша айналымын пайдаланамыз. Қаржыландырудың бір бөлігі халықаралық несие нарығынан түседі», - деген ТШО-ның бас директорының сөзінен үзінді келтіреді «Қазақстан жаңалықтары» АА. Агенттік атап өткендей, бұл мәселемен арнайы жұмыс тобының айналысатынын айтып, ол қаржыландыру үлестерінің мөлшерін атамаған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

5 шілде 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.