Атырау, 28 қараша 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Бейбарыс» таратылмайды

2 118 просмотра

Image 04 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ депутаттардың бірінің сұрағына жауап бере отырып, жергілікті «Бейбарыс» хоккей клубының таратылмайтынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын алдағы уақытта «Бейбарыс» ХК –ның жабылатындығы туралы сыбысқа алаңдаған хоккей жанкүйерлерінің акциясы өткен еді.

Әкім депутаттарды «Бейбарыс» қызмет етуін жалғастыра беретінін, бірақ клубтың «оңтайландырылатынына» сендірді.

- Мынаны айту керек. Қазақстан спортын жаппай дамыту туралы президент тапсырмасы бар. Біздің пікірімізше, бұл жергілікті ойыншыларды дамытуды білдіреді. Қазіргі уақытта клуб ойыншыларының көпшілігі – легионерлер. Мен оларды мүлдем шақырмау керек деп отырған жоқпын, біздің олардан үйренеріміз бар. Олар жақсы ойнайды, өз істерінің мамандары. Келсін. Бірақ клуб қызмет еткен 8 жыл ішінде біз өз споршыларымызды тәрбиелей алмадық. Командада әлі күнге дейін Атыраудан бірде бір хоккейші жоқ. Ал біз легионерлерді ойыншыларымызға өз тәжірибелерін бөліссін деп шақырамыз ғой, - деді облыс әкімі.

Марат ТАКУЛИН

4 шілде 2016, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.