Атырау, 28 қараша 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Қоқыспен округ әкімдері айналыссын»

1 957 просмотра


Осынау сұмдық қоқыс үйіндісін Өркен-2 ықшамауданының шетінен таптық. Тау боп үйілген қоқысты біреулер өртепті, төңірекке ащы түтін тарап кеткен.

Арнаулы автобаза директоры Мұратбек МАХАНОВТАН комментарий алуға жүгінген кезде, ол:

- Бүгін шара аламыз, алып тастаймыз, - деді.

Сонымен қатар, ол тиісті емес жердегі қоқыс үйіндісін ықшамаудан тұрғындарының өздері тастайтынын атап өтті.

Мұндай жағдай жеке секторда жаппай байқалады. Мәселе мынада, бактардағы тұрмыстық қалдықтарды тиеп алатын біздің қоқыс шығаратын көліктеріміз басқа қоқыстарды – ірі габаритті, құрылыс қалдықтарын және т.б. шығаруға арналмаған. Ал жеке секторда мұндай қоқыстар, әдетте, өте көп жиналып қалады. Мұндай «габарит емес» қоқысты біздің полигонға шығарғаны үшін бөлек төлеу керек, ал тұрғындарға келіп, қоқысты алып кетіп, далаға лақтырып тастайтын жекелерді жалдаған анағұрлым оңай әрі арзан. Немесе тұрғындардың өздері түнде арбамен қоқыстарын шығарып, өз ықшамаудандарының шетіне апарып төгіп тастайды, - дейді Маханов. – Ешкім бұл үшін жауапкершілікте болмайды. Жергілікті полицияға учаскелік инспекторлардың жұмыс жасап, айыппұл салулары тиіс екенін әлденеше рет жеткізуге тырыстым. Осыған байланысты менде мынадай ұсыныс туындады: қоқыс шығару жауапкершілігін округ әкімдеріне жүктеу керек. Олардың қарауындағы елді мекендерді санитарлық тазартуға бөлінетін қаржыларға солар билік етсін, мердігерлермен келісімшартты өздері жасап, тазалық үшін тікелей жауапкершілікті өздері алсын.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

4 шілде 2016, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.