Атырау, 7 мамыр 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Құтқарушылар таралған улы заттың әсерін жойды

1 886 просмотра


30 маусымда ҚР ТЖК Батыс жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Привокзальныйдағы ЖШС-лердің бірінің аумағында хлордың жайылуы кезінде әрекет етудің тактикалық жаттығуларын өткізді.

Сценарий бойынша, улы заттың шығуы туралы ақпарат 14 сағат 52 минутта түскен. Сағат 15-те сол жерге бүкіл шұғыл әрекет ету қызметтері жетеді. Құтқарушылар ЖШС қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіріп, екі зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. Әскери жасақ хлор бұлтының таралу жолын су шымылдығымен бөгеді.

№5546 әскери бөлімшенің әскери қызметкерлерінен құралған барлау тобы аумақты тексеріп шығып, ауа сынамасын алып, ықтимал бүліну аймағын анықтады. Содан соң құтқарушылар хлор құйылған ыдыстың саңылауын құрсаулап бекітіп тастады, ал өрт сөндіру қызметінің бөлімі хлор бұлтын басып, топырақтағы бүлінген жерді бейтараптандырды.

Бүкіл құтқарушылар мен әскери қызметкерлер бүліну аймағынан шығар кезде хлор қалдығын жою мақсатында сумен шайынды.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың әрекет ету алгоритмін Атырау қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері белгіледі. Қатысушылардың әрекеттеріне жақсы баға берілді.

Мурат СУЛТАНГАЛИЕВ
Фото ЗРАОСО
4 шілде 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.