Атырау, 18 наурыз 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

Анасы жасөспірім баласын екі күн үйге кіргізбеген

2 886 рет қаралды

Image 0Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 13 жастағы Сергейді тәртібі нашар болғаны үшін 2 күн бойына үйіне кіргізбеген анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Подъезде ұйықтап жатқан баланы көршісі тауып алады. Оны өз пәтеріне алып келіп, тамақтандырған. Содан соң полицияға хабарлапты.

Сот анасын ҚР ӘҚтК-нің 127-бабы («Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы») бойынша кінәлі деп танып, 14 847 теңге мөлшерінде айыппұл жаазасын берді.

Жыл басынан бері Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚтК-нің осы бабы бойынша 40 әкімшілік ісі қаралған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде 2016, 01:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.