Атырау, 28 қараша 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қолдануға жарамсыз су

3 654 просмотра

30 маусымда «АЖ»-ға Ғұмаров көшесінің бойындағы №88 үйдің (Соқырлар қоғамының үйі) тұрғыны Виктор СЕМЕНКИН қоңырау шалды. Ол таңертең жұмыстан үйіне келген кезде шүмекте салқын су болмағанын, ал тал түсте одан шіріген иісі бар лас судың аққанын хабарлады.

Біз оның үйіне барып, сонымен қатар «АтырауСуАрнасы» КМК-не қоңырау шалып, аталмыш мекенжай бойынша су сапасын анықтайтын лаборант жіберулерін өтіндік.

Виктор бізді үйінен күтіп алды. Лас судың салқын емес, ыстық сумен қамту шүмегінен аққаны анықталды.

Ыстық су болса не өзгереді екен? Үйде кішкентай бала көп, осы суды ішіп қоюы немесе қолдарын жууы мүмкін ғой. «Лас қол» ауруы осылай шығады...

Он бес минут ағызып қойғаннан кейін шүмектегі су, Виктордың айтуынша, тазара түскен. Алайда, шіріген иіс қалған.

Пәтер қожайыны біз келгенге дейін, құр сөз болмас үшін бөтелкеге лас суды жинап қойыпты.

«АтырауСуАрнасының» лаборанты келіп, ыстық және салқын судан сынама алды. Біз Виктор дайындап қойған бөтелкедегі суға да талдау жасауын өтіндік.

Біздің шақыртуымызбен «АтырауСуАрнасының» бас технологы Айгүл АРЫСТАНОВА да келді:

Біз ыстық сумен қамту жүйесіндегі лас су үшін жауап бермейміз. Шамасы, «Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметкерлері ықшамаудандағы тарату жүйелеріне жөндеу және жуу-шаю жұмыстарын жүргізген болуы керек. Бізде жөндеу жұмыстарынан кейін үнемі осылай болады...

Біз комментарий алу үшін «Атырау жылу жүйелері» АҚ вице-президенті Андрей ЖАНДИНГЕ жүгіндік. Ол былай деп хабарлады.

– Тұрғын Семенкинге рахмет айту керек. Сіздің қоңырауыңыздың арқасында ыстық сумен қамту жүйесінің ысырмасы сынып, «плашканың» түсіп қалғанын білдік. Біз осы ақауды жойдық. Мәселе мынада, ыстық сумен қамту жүйесі екі тұрбадан – жіберу және кері шығару тұрбасынан тұрады. Жіберу жүйесі бітеліп, оған кері тұрбаның суы құйыла бастаған.

– Ал су неге иістенген?

– Кері тұрбада тұрып қалған су болады. Әсіресе, тұйық учаскесі бар осындай жерлерде.

Біраздан соң А.Арыстанова қоңырау соғып, бөтелкедегі суға жасалған талдау нәтижелерін хабарлады:

Лайлылық мөлшері бір литрге 48 мг құрайды. Ал ол 1,5-нан аспауы тиіс. Тұзды аммоний құрамы – бір литрге 8,38 мг, ал ол 2,5-нан аспауы тиіс. Бұдан басқа, қалдық хлор іздері жоқ. Бұл су «су құбыры» ұғымына сай келмейді, оны мүлдем қолдануға болмайды. Семенкин мен оның көршілерінің пәтеріндегі салқын су талдамалары нормаға сай келеді.

Осындай жағдай Авангард 2-ықшамаудандағы «АЖ» тілшілерінің бірінің пәтерінде орын алған. Су 10 минут ағызғаннан кейін ғана ағарыпты. Бірақ су лайықты сапаға ие болу үшін неліктен тұрғындар суды босқа төгуге тиіс? Біздің бұл сұрағымызға ешкім жауап бермеді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

1 шілде 2016, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.