29 маусымда Атырау облысында өндірісте қатарынан екі қайғылы оқиға орын алды.
ТЖД хабарлағандай, Аққыстау поселкесінен 8 шақырым жерде теміржолда электр бағанынан құлаған Атырау электрмен қамту дистанциясының электр жөндеушісі басынан көптеген зақым алған. Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, оның жағдайы «тұрақты ауыр».
Атырауда «Атырау су арнасы» КМК базасында кәсіпорын қызметкерін электр қалқанымен жұмыс істеу кезінде 380 вольтты кернеудегі ток соғады. Зардап шегушінің денесі 20-30 пайыз күйік алған. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ