Атырау, 5 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 655 рет қаралды

Маусымның 25-де Атырау-Махамбет трассасында тал түсте мекемелердің бірінің жанында тұрған КамАЗ жүк көлігін тексеру кезінде Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері кабинадан 56 бұта марихуана тауып алды. 35 жастағы көлік жүргізушісі, Тараз тұрғыны каннабистің қайдан келгенін түсіндіре алмады. Тергеу жұмыстары басталды.

***

Полицияға 35 жастағы қала тұрғыны шағымданды: 26 маусымда шамамен сағат 11-де оның 17 жастағы ұлы көліктен әкесінің әмиянын ұрламақ болған. Кәмелетке толмаған жігіт әңгімелесуден кейін босатылды.

***

Полицияға қала тұрғыны шағымданды: маусымда Қарақалпақстанның 46 жастағы тұрғынын пәтер жөндеуге жалдаған, ал ол оның бүкіл түсқағазын бүлдірген. Зиян 35 мың теңгені құрады. Жұмысшы әйел басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Исатай ауданының АІІБ-не 43 жастағы Аққыстау тұрғынынан шағым түсті: 26 маусымда тал түсте үй ауласынан құны 15 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Махамбет ауданы Таңдай поселкесінің 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан үй алаңынан дәнекерлеу агрегатын ұрлады деген күдікпен Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

30 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.